Бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу

1. Жиналыс, митинг, пикет, көше шеруiн немесе демонстрация ұйымдастырушының жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекет көлiк жұмысының бұзылуына алып келсе, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiрсе -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас Бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Жиналысты, митингтi, пикеттi, көше шеруiн немесе демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған заңсыз жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн, және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингтерге, пикеттерге, көше шерулерiне немесе демонстрацияларға белсене қатысу, егер бұл әрекеттер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген зардаптарға алып келсе -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстар Бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзуға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 334-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


documentaahfzoz.html
documentaahggzh.html
documentaahgojp.html
documentaahgvtx.html
documentaahhdef.html
Документ Бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу